Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ҚАЖ қызметкерлері мен әскери қызметшілер мерекелік іс-шара ұйымдастырды

Қарағанды облысының Агроқалашық кентінде 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынды Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №33 мекемесінің қызметкерлері, Мичурин ауылдық округі әкімдігі және 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бірлесіп ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара салтанатты шерумен басталып, Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік көңіл-күйді айқындай түсті.

Жиналған қауым алдында Мичурин ауылдық округінің әкімі Е.Баймағамбетов, №33 мекемесінің бастығы Е.Карғалтаев және 6505 әскери бөлімінің 4-атқыштар батальонының командирі Т.Секибаев құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің мәні мен маңызына тоқталды. Олар әскери қызметшілер мен құқық қорғау саласы мамандарының ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегін атап өтіп, патриоттық тәрбиенің қоғам үшін маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Іс-шара барысында ұзақ жыл ҚАЖ саласында абыройлы қызмет атқарған Саят Аманжоловты құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салу рәсімі өтті. Әріптестері оның еңбегіне алғыс білдіріп, денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Мерекелік жиын ауыл тұрғындарын, ҚАЖ қызметкерлерін және әскери қызметшілерді біріктіріп, ел бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру