Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде Отбасы күніне орай ерекше кездесу ұйымдастырылды

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде Отбасы күніне орай ерекше кездесу ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық отбасы күніне орай Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен түзеу мекемесінде тәрбиелік мәні зор ерекше кездесу өтті. Іс-шара аясында ұзақ уақыт бойы балаларымен жүздесе алмаған сотталған азаматқа бейнебайланыс арқылы перзенттерімен тілдесу мүмкіндігі жасалды.

Кездесу барысында әке экран арқылы балаларын көріп, олардың дауысын естіген сәтте ерекше толқынысын жасыра алмады. Ұзақ уақытқа созылған сағыныш пен әкелік мейірім бейнебайланыс кезінде анық сезілді. Ал балалары әкесіне жылы лебіздерін білдіріп, сағыныштарын жеткізіп, амандығын сұрады. Шынайы эмоцияға толы бұл жүздесу көпшілікке отбасының адам өміріндегі орны мен маңызын тағы бір мәрте ұғындырды.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, мұндай тәрбиелік әрі әлеуметтік бағыттағы шаралар сотталған азаматтардың отбасымен байланысын нығайтып қана қоймай, олардың қоғамға деген көзқарасының оң өзгеруіне, түзелу жолына түсуіне және қайта әлеуметтенуіне оң ықпал етеді. Отбасының қолдауы мен жақын жандардың жанашырлығы адамға үміт сыйлап, болашаққа деген сенімін арттырады.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталған азаматтарды рухани қолдау, олардың туыстарымен байланысын сақтау және отбасы құндылықтарын дәріптеу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бұл өз кезегінде сотталғандардың психологиялық жағдайына оң әсер етіп, олардың заңға құрметпен қарап, қоғамға бейімделуіне ықпал етеді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті алдағы уақытта да отбасы құндылықтарын насихаттауға, сотталған азаматтардың жақындарымен байланысын нығайтуға бағытталған әлеуметтік және тәрбиелік шараларды жүйелі түрде жалғастыра бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру