Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда 500-ден астам оқушы жол қауіпсіздігі акциясына қатысты

Қостанай облысында "Абайлаңыз, балалар!" республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері прокуратура және білім беру органдарымен бірлесіп, жол қауіпсіздігіне арналған ірі профилактикалық іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған шараға 500-ден астам оқушы қатысып, жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының жиі кездесетін себептері талқыланды.

Іс-шара барысында балаларды автокөлікпен тасымалдау кезінде арнайы қауіпсіздік құрылғыларын қолданудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Сондай-ақ ЖҚAЖ қызметкерлерінің көрсетілімдері оқушылардың қызығушылығын тудырды. Балалар арнайы жабдықтармен танысып, полиция қызметінің жұмыс ерекшеліктерін көріп-білуге мүмкіндік алды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар балалардың жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, жол қозғалысы ережелеріне деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру