Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда полицейлер мен киберволонтерлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша акция өткізді

Оралда полицейлер мен киберволонтерлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша акция өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласында учаскелік полиция инспекторлары киберволонтерлермен және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Акция барысында полиция қызметкерлері тұрғындарға алаяқтардың кең таралған схемалары туралы түсіндіріп, интернет пен мобильді қосымшаларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын еске салды. Профилактикалық әңгімелер тұрғын үйлердің аулаларында, базарларда, дүкендерде, қоғамдық көліктерде, сондай-ақ жүргізушілер арасында жүргізілді.

Іс-шара барысында жеке деректер мен қаржылық қауіпсіздікті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қала тұрғындарына алаяқтардың құрбаны болмау жолдары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылды.

Іс-шараның басты мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтық туралы хабардарлығын күшейту және осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды қырағы болуға, бөгде адамдарға жеке деректерін, SMS-хабарламалардағы кодтарды және банк карталарының реквизиттерін бермеуге шақырды. Сондай-ақ келіп түскен ақпараттың шынайылығын міндетті түрде тексеру қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру