Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ҚАЖД қызметкерлері ІІМ мұражайында тарихи-танымдық экскурсияға қатысты

Астана қаласы ҚАЖ департаментінің қызметкерлері ІІМ мұражайында тарихи-танымдық экскурсияға қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мұражайына барып, тарихи-танымдық экскурсияға қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға ішкі істер органдары мен қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасу тарихы, ел қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында қызмет атқарған азаматтардың еңбегі таныстырылды. Сонымен қатар қызметтік борышын адал атқарған қызметкерлердің өмірі мен еңбек жолына арналған деректі фильм көрсетілді.

Экскурсия аясында музей қорындағы тарихи жәдігерлер, архивтік құжаттар мен қызметтік құрал-жабдықтар таныстырылып, қатысушылар сала тарихымен кеңінен танысты.

Аталған іс-шара қызметкерлердің тарихи танымын арттыруға, патриоттық рухын нығайтуға және кәсіби құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі атынан қызметкерлерге кітаптар сыйға тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру