Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда жасөспірімдер арасында жауынгерлік жекпе-жектен турнир өтті

Жетісу облысы полиция департаменті басшылығының қолдауымен полицияның "ARLAN" спорт клубында Талдықорған қаласының жасөспірімдері арасында универсалды жауынгерлік жекпе-жектен (Unifight) турнир ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны Талдықорған қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен "Арыстан" жекпе-жек өнері академиясы бірлесіп өткізді.

Жарысқа қатысқан жас спортшылар өздерінің қайсарлығын, төзімділігін және жоғары физикалық дайындығын көрсетті. Әсіресе "ARLAN" спорт клубының "Жас сақшылар" санатындағы қатысушылары үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Аталған турнир тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар жастар арасында патриоттық рухты, тәртіпті және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды алаң болды. Мұндай шаралар жасөспірімдердің мінезін шыңдап, оларды жауапкершілікке, сыйластыққа және өз күшіне сенімді болуға тәрбиелейді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және жас таланттарды қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру