Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 64 мыңнан астам оқушы мен студент "Құқық бұзушылықсыз – қауіпсіз жаз" диктантын жазды

Жамбыл облысында 64 мыңнан астам оқушы мен студент "Құқық бұзушылықсыз – қауіпсіз жаз" диктантын жазды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастамасымен және білім басқармасымен бірлесіп, өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында "Құқық бұзушылықсыз – қауіпсіз жаз" тақырыбында облыстық диктант ұйымдастырылды.

Ауқымды профилактикалық іс-шараға 8-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Диктанттың басты мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында "Соңғы қоңырау" мерекесі қарсаңында қоғамдық тәртіпті сақтау және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Диктант аясында оқушылар мен студенттерге заңнама талаптары, бұқаралық іс-шаралар мен жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жол қозғалысы қауіпсіздігі және балалар арасындағы жол-көлік жарақатының алдын алу шаралары түсіндірілді.

Қорытынды бойынша қатысушылар өздерінің сауаттылық деңгейін тексеріп қана қоймай, құқық бұзушылықтың алдын алу мен жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды мәліметтер алды.

Облыстық диктантқа жалпы саны 56 464 мектеп оқушысы мен 8 018 колледж студенті қатысты.

Қазіргі уақытта облыс көлемінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға бағытталған "Назар аударыңыз – балалар!" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру