ШҚО полиция департаменті тұрғындарға балалардың қауіпсіздігі бәрінен маңызды екендігін ескертті
ШҚО полиция департаменті тұрғындарға балалардың қауіпсіздігі бәрінен маңызды екендігін ескертті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазғы демалыс – демалуға және жақсы әсер алуға арналған ерекше кезең. Дегенмен демалыстың қауіпсіз әрі көңілді өтуі үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды.
- Жол қозғалысы кезінде жол жүру қағидаларын қатаң сақтаңыз: көшеден тек белгіленген жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп, айналаңызға мұқият назар аударыңыз.
Бейтаныс адамдармен сөйлеспеңіз, олардың сыйлықтарын қабылдамаңыз және бөгде көлікке отырмаңыз.
Суда тек рұқсат етілген орындарда және ересектердің бақылауымен ғана шомылыңыз.
Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда болуына тыйым салынатынын естен шығармаңыз.
Кез келген қауіпті жағдай туындаса, дереу 102 нөміріне хабарласыңыз, - дейді ШҚО полиция департаменті.
