"Соңғы қоңырау": Атырауда полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті күшейтілген режимде қамтамасыз етуде
25 мамыр күні Атырау облысындағы білім беру ұйымдарында мектеп бітіру іс-шаралары мен "Соңғы қоңырау" салтанаттарының өтуіне байланысты полиция департаментінің жеке құрамы саптық жиынға тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау үшін мектептер маңында автопатрульдер саны арттырылып, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бақылау шаралары күшейтілді.
Оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда болғандықтан, полиция қызметкерлері мектеп бітіру іс-шаралары кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
— Балалардың қауіпсіздігі, әсіресе білім беру ұйымдарына жақын аумақтардағы жол қозғалысы жағдайы қатаң бақылауда. Сондай-ақ мектеп бітіру іс-шаралары кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда, — деді Атырау облысы ПД бастығының орынбасары Ернар Базаров.
