Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада автотұрақта тұрған көліктен сөмке ұрлаған күдікті ұсталды

Елордада автотұрақта тұрған көліктен сөмке ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада полицейлер автокөліктен әйелдің сөмкесін ұрлады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Hyundai автокөлігінің иесі стоматологиялық орталыққа келіп, көлігін автотұраққа қалдырған. Осы сәтті пайдаланған күдікті көлік салонында тұрған сөмкені байқап, артқы жолаушы терезесін сындырып, бағалы заттарды алып кеткен.

Көлігінің бүлінгенін және жеке заттарының жоғалғанын байқаған бойжеткен бірден полицияға хабар берген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарға көлік салонында бағалы заттарды көзге көрінетін жерде қалдырмауға кеңес береді. Тіпті қысқа уақытқа қалдырылған көлік те қылмыскерлердің назарын аударуы мүмкін. Сақтық шараларын сақтау жеке мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру