Абай облысында полицейлер профилактикалық рейдтер жүргізуде
Абай облысында полицейлер профилактикалық рейдтер жүргізуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Табиғи аумақтардың тазалығын сақтау мақсатында Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері Шошқалы көлі аумағында профилактикалық рейдтер жүргізуде.
Іс-шара барысында полицейлер демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салуда. Азаматтарға өздерінен кейін қоқыс қалдырмау, оны өзімен бірге алып кету немесе арнайы орнатылған контейнерлерге ғана тастау қажеттігі түсіндірілуде.
Әсіресе, абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алуға және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Полицейлер демалыс орындарының тазалығы әрқайсымызға байланысты екенін еске салады. Қарапайым ереже — демалып болған соң өз орныңды жинау — табиғатты келер ұрпақ үшін сақтап, баршаға қолайлы әрі қауіпсіз демалыс жасауға көмектеседі.
