Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да 200-ге жуық полицей Астана күніне арналған велошеруге қатысты

Батыс Қазақстан облысында полицейлер Астана күніне арналған велошеруге қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана күніне орай Орал қаласында өткен ауқымды велошеруге Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің "Арлан" спорт клубының 200-ге жуық спортшысы белсене қатысты.

Мерекелік іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі, құқық қорғау органдарының өкілдері, қаланың белсенді жастары, спортшылар мен тұрғындар қатысып, елорда мерекесін ерекше көңіл күймен атап өтті.

Велошерудің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен патриоттық рухты нығайту. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері бұл бастаманы қолдап, белсенді өмір салтын ұстанудың маңыздылығын өз үлгілерімен көрсетті.

Шара барысында қатысушылар белгіленген бағыт бойынша қала көшелерімен жүріп өтіп, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Мұндай іс-шаралар азаматтарды спортпен шұғылдануға ынталандырып қана қоймай, қоғамдағы ауызбіршілік пен өзара құрметтің нығаюына да ықпал етеді.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шараларға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.

Астана күніне арналған мерекелік велошеру ел бірлігі мен татулықты, ортақ құндылықтарды дәріптеген тағылымды шаралардың біріне айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру