Семейде бір аптада 9 мас жүргізушінің жолы кесілді
Семей қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бір апта ішінде көлікті мас күйде басқарған 9 жүргізушіні, сондай-ақ көлік басқару құқығы жоқ 8 жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қауіпсіздігін арттырудың тиімді шараларының бірі – қаланың жекелеген учаскелерінде жолдың жүру бөлігін тарылту. Бұл көлік ағынының жылдамдығын төмендетуге, жүргізушілердің тәртібін арттыруға және жол қозғалысы қағидаларының сақталуын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Қабылданып жатқан кешенді шаралар облыс орталығында жол-көлік оқиғалары мен жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайларын азайтуға ықпал етуде.
Патрульдік полиция жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтарды анықтау жұмысын жалғастыруда.
Мас күйде немесе көлік басқару құқығынсыз рөлге отырмаңыз. Бір жауапсыз шешім адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
