Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда ұландықтар адасып кеткен баланы ата-анасына аман-есен табыстады

Оралда ұландықтар адасып кеткен баланы ата-анасына аман-есен табыстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін атқарып жүрген ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері адасып кеткен баланы тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.

Оқиға 15 шілде күні сағат 19:35 шамасында Киров атындағы саябақта болған. Қызмет барысында әскери жасақ жалғыз жүрген баланы байқап, бұл туралы кезекші бөлімге дереу хабарлаған. Кейін баланың ата-анасын анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылды.

Әскери жасақ бастығы Қайырлы Ахқайыров пен қатардағы Мадияр Жолболдының қырағылығы мен жедел әрекетінің нәтижесінде бүлдіршін көп ұзамай ата-анасына табысталды.

Баланың анасы әскери қызметшілерге алғыс айтып, олардың кәсібилігі мен жанашырлығын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру