Атырауда полицейлер балалардың терезеден құлау қаупінің алдын алуға шақырады
Жаз мезгілінде балалардың терезеден құлап кету қаупі арта түседі. Осыған байланысты полиция қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлерде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, ата-аналарға балалар қауіпсіздігіне қатысты маңызды ережелерді түсіндіруде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Атырау облысында балалардың терезеден құлауына байланысты 17 жағдай тіркелген. Мұндай қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – балалардың ересектердің қарауынсыз қалуы, терезелерде арнайы қорғаныс құрылғыларының болмауы, тере
Полиция қызметкерлері ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарапайым, бірақ маңызды талаптарды сақтауды ескертеді:
- бала үйде болған кезде терезелерді ашық қалдырмау;
- москит торлары баланы құлаудан қорғамайтынын есте сақтау;
- терезелерге арнайы блок-құлыптар немесе қорғаныс құрылғыларын орнату;
- төсек, үстел, орындық секілді жиһаздарды терезеден алшақ орналастыру;
- балаларды терезе маңында қараусыз қалдырмау.
Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне барынша жауапкершілікпен қарауға шақырады. Баланың өмірі мен денсаулығы – ересектердің мұқияттылығы мен алдын ала қабылдаған шараларына тікелей байланысты. Бір сәттік немқұрайлылық орны толмас жағдайға әкелуі мүмкін.
