Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын жалғастырып жатыр

Өңірде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау және отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Полицейлер мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның алғашқы тәулігінде барлығы 144 қорғау нұсқамасы шығарылған тұлға, сондай-ақ мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген 129 адам тексерілді. Бұдан бөлек, 60 қолайсыз отбасыға барып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Осындай оқиғалардың бірі Павлодар қаласында тіркелді. Мас күйде болған ер адам жұбайына балағат сөздер айтып, ар-намысына тиіп, агрессивті әрекет жасаған.

– Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал жинақталып, процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы Индира Жүсіпова.

Полиция өңір тұрғындарын тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейжай қарамауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру