Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Желдей жүйткіп, ән шырқаған”: Павлодарда жолаушыны көліктің салонынан тыс тасымалдаған жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында қозғалыс кезінде Geely автокөлігінің жолаушысы көлік салонынан тыс жерде болғаны түсірілген бейнежазбаны анықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнежазбада ер адамның алдыңғы есіктің терезесінен сыртқа шығып, көлік қозғалыста болған сәтте ән орындап тұрғаны көрінеді. Мұндай әрекет жолаушының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін.

– Тексеру барысында полиция қызметкерлері жүргізуші мен жолаушының жеке басын анықтады. Жүргізушіге жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылды. Сондай-ақ Жол қозғалысы қағидаларын бұзған жолаушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Медхат Жылқыбаев.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, өз өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру