Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда өткен халықаралық марафонда полиция қызметкері топ жарды

Павлодар қаласының күніне орай Орталық жағалауда халықаралық Ertis Pavlodar Half Marathon жарысы ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық шараға Павлодар, Астана, Семей, Ақсу, Екібастұз және Қазақстанның өзге де қалаларынан мыңнан астам әуесқой және кәсіби спортшы қатысты.

Қатысушылар 5, 10 және 21 шақырым қашықтықтарда бақ сынады. Жарыс “Заң мен тәртіп” ұранымен өтіп, жүгіруді сүйетін жандар мен салауатты өмір салтын қолдаушыларды біріктірді.

Жарысқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің “Арлан” спорт клубының Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкері Әсел Абдраманова қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша ол өз жас санатында 10 шақырым қашықтықта бірінші орынды иеленіп, жоғары спорттық дайындық деңгейін, төзімділігі мен жеңіске деген жігерін көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру