Ақсу тұрғыны тергеушіге алғыс білдірді
Ақсу қаласы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Ботагөз Серікболқызының атына қала тұрғыны Тлеулес Сухотеринаның алғыс хаты келіп түсті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Өз өтінішінде ол “Орбита Ақсу” ПИК-тің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі жедел ашып, сапалы тергегені және жоғары кәсібилігі үшін полиция қызметкеріне шынайы ризашылығын білдірді.
— Аға тергеуші Ботагөз Серікболқызына кәсібилігі, өз жұмысына
жауапкершілікпен қарағаны және адамгершілік қасиеті үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Оның сауатты әрі жедел әрекеттерінің арқасында қылмыстық іс қысқа мерзімде ашылып, толық тергелді. Тергеудің әр кезеңінде маған жанашырлық танытып, қолдау көрсетіп, әділдіктің орнайтынына сенім ұялатты. Адал қызметіңіз, ісіңізге деген берік ұстанымыңыз және адамдарға көрсеткен көмегіңіз үшін рақмет. Сізге зор денсаулық, амандық және қызметіңізге толағай табыс тілеймін, – деді тұрғын.
Мұндай алғыс сөздер — полиция қызметкерлерінің еңбегіне берілген ең жоғары баға әрі азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімінің айқын көрінісі.
