Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда полицейлер кешкі уақытта көшеде жалғыз қалған қарт тұрғынды үйіне жеткізді

Екібастұз қаласының тұрғыны мәдени іс-шарадан кейін үйіне қауіпсіз жетуіне көмектескен учаскелік полиция инспекторларына алғысын білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кешкі уақытта концерттен шыққан қарт әйел көшеде жалғыз қалған. Оның жағдайын байқаған учаскелік полиция инспекторлары Нұрлыбек Қасымов пен Ерлан Қызылбаев зейнеткерге көмек көрсетуге шешім қабылдаған.

Полиция қызметкерлері әйелді патрульдік көлікке отырғызып, үйінің қақпасына дейін қауіпсіз жеткізді.

Көрсетілген қамқорлыққа риза болған қала тұрғыны тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

— Оларға көп рақмет! Үйге аман-есен жетуіме көмектесіп, қауіпсіздігімді қамтамасыз етті. Осындай адамгершілік танытып, қамқорлық көрсеткендері үшін шын жүректен алғыс айтамын, – деді қала тұрғыны.

Полиция қызметкерлері үшін азаматтарға көмек көрсету – қызметтік міндетпен қатар, адамгершілік пен жауапкершіліктің көрінісі. Әсіресе аға буын өкілдеріне қолдау көрсету – қоғамдағы өзара құрмет пен қамқорлықтың маңызды белгісі.

Бұл оқиға полиция қызметінің басты құндылықтарының бірі – азаматтардың қауіпсіздігі мен сенімін қамтамасыз ету екенін тағы бір мәрте көрсетті. Кейде дер кезінде көрсетілген қарапайым көмек адамның көңілінен үлкен орын алып, полицияға деген сенімді нығайта түседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру