Павлодар облысында бір тәулікте 826 құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Өткен тәулікте Павлодар облысында полицейлер 826 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның 348-і жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты. Оның ішінде 10 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңірде "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру жалғасуда. Патрульдік полиция ротасы мен батальонының жасақтары күн сайын кезекшілікке түсіп, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
- Авариялық-қауіпті учаскелерде қауіпсіздікті арттыруға ерекше назар аударылады. Қолданылатын әдістердің бірі - жүріс бөлігін жасанды түрде тарылту. Мұндай тәсіл бірқатар дамыған елдерде сәтті қолданылып келеді және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Жүріс бөлігінің тарылуы жүргізушілерді жылдамдықты төмендетуге, мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға ынталандырады. Бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға ықпал етеді, - деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Мәлік Оңғарбаев.
Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге жобаның мақсаттары туралы ақпарат беріп, жылдамдық режимін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді және туындаған сұрақтарға жауап береді.
- Қабылданып жатқан барлық шаралар қауіпсіз әрі бақылаудағы жол
ортасын қалыптастыруға бағытталған. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді, - деп толықтырды тәртіп сақшысы.
