Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада учаскелік полиция инспекторлары қызметінің құрылған күніне орай іс-шара өтті

Астана қаласы полиция департаментінде учаскелік полиция инспекторлары қызметінің құрылған күніне орай іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл ішкі істер органдарының маңызды қызметтерінің бірі – учаскелік полиция инспекторлары қызметінің құрылғанына 104 жыл толды. Бұл – айтулы тарихи дата әрі қызметтің ғасырдан астам уақыт бойы қалыптасқанын айғақтайтын маңызды белес.

Іс-шара барысында Астана қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Марат Өмірбаев құттықтау сөз сөйлеп, учаскелік инспекторлар қызметінің маңыздылығына, олардың жауапкершілігінің жоғары деңгейіне және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосып жүрген үлесіне тоқталды.

Іс-шарада қызметтік міндеттерін адал атқарып, қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып жүрген қызметкерлерге ерекше көңіл бөлінді. Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың атынан қызметкерлерге Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Бүгінде учаскелік полиция инспекторы халықпен етене жұмыс істейтін полиция өкілдерінің бірі болып қала береді. Оның қызметі тек құқық бұзушылықтарға ден қоюмен шектелмейді. Бұл – күнделікті профилактикалық жұмыс, азаматтармен ашық диалог орнату және "полиция халыққа жақын" қағидаты негізінде тұрғындармен бірлесіп жұмыс жүргізу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру