ҚАЖК қызметкерлері заманауи радиобайланыс құралдарын пайдалану бойынша оқытудан өтті
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде аумақтық департаменттердің техникалық мамандарына заманауи радиобайланыс құралдарын пайдалану бойынша арнайы оқу ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқытуға еліміздің түрлі өңірлеріндегі ҚАЖ департаменттерінің техникалық мамандары қатысты. Іс-шара шетелдік мамандардың қолдауымен өткізіліп, қатысушылар радиостанцияларды тиімді пайдалану бойынша теориялық және практикалық білімдерін жетілдірді.
Курс барысында радиостанцияларды пайдалану және баптау қағидалары, бағдарламалау тәртібі, техникалық қызмет көрсету ерекшеліктері, сондай-ақ байланыс құралдарын күнделікті қызметте қолдану тәсілдері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сабақтарды тиісті біліктілігі мен арнайы жабдықтармен жұмыс істеуде тәжірибесі бар техникалық мамандар мен шеберлер жүргізді.
Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар кәсіби құзыреттерін арттырып, арнайы курстан өткенін растайтын сертификаттарға ие болды.
Мұндай оқыту шаралары ҚАЖ қызметкерлерінің техникалық сауаттылығын арттыруға, заманауи байланыс құралдарын тиімді пайдалануға және қылмыстық-атқару жүйесінің материалдық-техникалық базасын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.
