Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне телефон өткізу әрекетінің жолы кесілді
Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне телефон өткізу әрекетінің жолы кесілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №29 мекемесінде мекеме қызметкерлері режимдік аумаққа тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасау фактісін анықтады.
Мекеме жанында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының аумағына автокөлік кірген кезде бақылау-өткізу пунктінің қызметкерлері көлікті тексеру барысында автокөліктің артқы дөңгелегіне жасырылған екі телефонды анықтап, тәркіледі.
Аталған факті бойынша одан әрі процестік іс-шараларды жүргізу үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметкерлері белгіленген режимді қамтамасыз ету және түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
