ШҚО-да "Жас сақшы" полиция сыныптарының тәрбиеленушілері арасында жарыс ұйымдастырылды
Шығыс Қазақстан облысында облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен "Жас сақшы" полиция сыныптарының тәрбиеленушілері арасында шағын футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жас қатысушылар үшін бұл тек спорттық бәсеке ғана емес, командалық рухты, өзара қолдауды және жеңіске деген жігерді көрсетуге мүмкіндік болды. Футбол алаңында олар өздерінің жақсы физикалық дайындығын, тәртібі мен ұйымшылдығын, сондай-ақ бір-біріне қолдау көрсете білетінін танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды №47 мектептің командасы иеленді. Екінші орын №19 мектептің командасына бұйырса, үшінші орынды №23 мектептің командасы алды. Төртінші орынға №30 мектеп командасы жайғасты.
Мұндай жарыстар балалардың спортқа қызығушылығын арттырып, уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар жауапкершілік, ұйымшылдық, өзара сыйластық және командада жұмыс істей білу сияқты маңызды қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
"Жас сақшы" тәрбиеленушілері үшін бұл – өздерін танытып, жаңа әсер алып, нағыз команданың ортақ мақсатқа бірге ұмтылатынын сезінуге мүмкіндік беретін тағы бір жақсы мүмкіндік.
