Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда есірткі жарнамалары жойылды

Атырауда рейд кезінде 6 есірткі жарнамасы жойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Тәуелсіз өмір" жобасы аясында "Жас қорғау" жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілерімен бірлесіп, есірткі сайттарын жарнамалайтын граффити жазбаларды анықтап, жою бойынша рейдтерді жалғастыруда. Іс-шара қаладағы жеке сектор аумақтары мен көпірлер маңында жүргізіліп, 6 есірткі граффити жазулары анықталып, жойылды.

Сондай-ақ есірткі қылмысының алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Есірткіге қатысты қандай да бір ақпарат белгілі болған жағдайда, 8 700 499 01 02 анонимді сенім телефонына хабарласуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру