Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

2026 жылғы 13 қазанда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты № 67 аралас қауіпсіздік мекемесінде “Қадағалау” республикалық профилактикалық іс-шарасы аясында тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізу әрекетінің жолы кесілді.

Мекеменің қабылдау-беру пунктінде сәлемдемелерді тексеру барысында қызметкерлер қораптың ішінен және сәлемдеме ішінен жасырылған тыйым салынған заттарды анықтады.

Тексеру нәтижесінде бір дана құлаққап, MF680 үлгісіндегі бір Wi-Fi роутер, бір зарядтау құрылғысы, “Tecno Spark” бір сенсорлық телефон және “Kcell Active 5G” ұялы байланыс операторының бір SIM-картасы табылып, тәркіленді.

Аталған заттарды мекемеде ұсталатын танысына жеткізу мақсатында алып келген азаматқа сәлемдемелерді қабылдау алдында сотталғандар мен тергеу-қамауындағыларға пайдалануға және сақтауға тыйым салынған заттардың тізбесі жазбаша түрде түсіндірілгені көрсетілген.

Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық белгілері қарастырылуда.

Мекеме қызметкерлері режим талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде белгіленген тәртіпті сақтау – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарты. Сондықтан азаматтарды сәлемдеме дайындау кезінде қолданыстағы талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру