Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілді

Қармақшы ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында азық-түлік себеттері таратылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі пробация қызметімен бірлесіп ұйымдастырды. Көмек аясында азаматтарға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері үлестірілді.

Мұндай әлеуметтік бастамалар азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға, қоғамға қайта бейімделуіне және қалыпты өмірге оралуына ықпал етеді. Сонымен қатар қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсету олардың болашаққа деген сенімін нығайтып, жаңа өмір бастауға ынталандырады.

Көмек алған азаматтар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

- Көрсетілген қолдау біз үшін өте маңызды. Жағдайымызға бейжай қарамай, қамқорлық танытқан жандарға алғысымды білдіремін. Бұл – бізге берілген үлкен демеу әрі алға ұмтылуға күш беретін қолдау, – деді пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың бірі.

Осындай шаралар әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың қоғамға бейімделуіне, өмірде оң өзгерістер жасауына және жаңа мүмкіндіктерге қадам басуына жағдай жасайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру