Түркістан облысында жедел кеңес өтті
Түркістан облысында жедел кеңес өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінде тергеу және анықтау басқармаларының осы жылдың 9 айында атқарған жұмыстарын қорытындылау мақсатында жедел кеңес өтті.
Жиынға тергеу басқармасының бастығы Мұхтар Сейдилдаев пен анықтау басқармасының бастығы Сапарғали Тұрманов және бірқатар қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінің басшылары қатысты.
Жиын барысында ҚР ІІМ тергеу департаментінің жұмыс бағытына қойылған жаңа талаптар мен заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар жеке құрамның назарына егжей-тегжейлі жеткізілді. Сонымен қатар қылмыстық процесті цифрландыруды одан әрі жетілдіру және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері сөз болды.
Кеңес төрағалары заң мен тәртіптің қатаң сақталуын және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді басты міндет ретінде жүктеді. Жиын қорытындысы бойынша әрбір аудандық және қалалық бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
