Абай облысында бір аптада 332 граффити жазуы жойылды
Абай облысында бір аптада 332 граффити жазуы жойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында қоғамдық орындарды заңсыз жазулардан тазарту және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Бір апта ішінде полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы 332 граффити жазуын өшірді. Оның 40-қа жуығы есірткі заттарын жарнамалауға қатысты болған.
Мұндай жазуларды жою қоғамдық кеңістіктерді заңсыз жарнамадан тазартуға және есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған.
Сонымен қатар өңірде жастар арасында құқық бұзушылықтардың, оның ішінде есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу шаралары жалғасуда.
Полиция тұрғындарды қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға, ортақ мүлікке ұқыпты қарауға және заңсыз жазуларды байқаса, тиісті органдарға хабарлауға шақырады.
