Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында тұрғын телефон алаяқтарының арбауына түспеді

Алматы облысында тұрғын телефон алаяқтарының арбауына түспеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға қарапайым телефон қоңырауынан басталған. Белгісіз адам өзін "Энергосбыт" мекемесінің қызметкері ретінде таныстырып, белгілі бір мәселені шешу сылтауымен әйелден 1414 нөмірінен келген SMS-хабарламадағы растау кодын айтуды сұраған.

Алайда әйел алаяқтық әрекетті дер кезінде аңғарып, құпия мәліметтерін беруден бас тартқан. Ол телефон тұтқасын қойып, қаскөйлердің арам ойын жүзеге асыруына жол бермеді.

Бұл жағдай цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтап, жеке деректерді қорғаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

Полиция "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп, телефон және интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Бұл ретте алаяқтық қоңырауларды анықтауға арналған арнайы жүйелер де қолданылады.

Полиция азаматтарды қырағы болуға және өзін мемлекеттік органның немесе коммуналдық қызметтің қызметкері ретінде таныстырған бөгде адамдарға SMS-кодтарды, жеке мәліметтер мен банк деректерін бермеуге шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік мекемелер мен банк қызметкерлері телефон арқылы растау кодтарын сұрамайды. Күдік тудыратын қоңырау түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, мекемеге ресми байланыс арналары арқылы хабарласқан жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру