Астанада велосипед ұрлаған күдікті ұсталды
Елордада Сарайшық ауданының полиция қызметкерлері ұрлық дерегін жедел түрде ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында 18 жастағы азамат дәріханадан бетперде сатып алып, аулада қараусыз тұрған велосипедті жасырын түрде ұрлап кеткені анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті қысқа уақыт ішінде анықталып, ұсталды.
Ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иесіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарға өз мүлкін қараусыз қалдырмауды, велосипедтерді арнайы қорғаныс құлыптарымен бекітуді және күмәнді жағдайлар байқалғанда дереу "102" арнасына хабарлауды ескертеді.
