Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер қыз баланы құтқарып қалды

Шымкентте полицейлер қыз баланы құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жол үстіндегі көпірден секіруге оқталған қызды байқап қалған.

Полицейлер дереу көмекке ұмтылып, жас қызды сабырға шақырды. Жедел әрекет етіп, қызды аман алып қалды.

ҚҰТҚАРУ СӘТІ

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, азамат медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Полицейлердің дер кезінде әрекет етуінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

– Біз үшін азаматтардың қауіпсіздігі бірінші орында. Қандай жағдай болмасын көмекке келу – біздің борышымыз, – деп атап өтті полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру