Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да балаларға жол қауіпсіздігі ережелері қуыршақ театры арқылы түсіндірілді

Солтүстік Қазақстан облысында балабақша тәрбиеленушілеріне жол қозғалысы ережелерін үйретуге бағытталған арнайы театрландырылған қойылым ұйымдастырылды. Танымдық шараны 5-6 жас аралығындағы 100-ге жуық бүлдіршін тамашалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаны Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы мен облыстық қуыршақ театры бірлесіп ұйымдастыруда.

Мұндай профилактикалық шаралардың маңызын өңірдегі жол-көлік оқиғаларының статистикасы да көрсетіп отыр.

Қойылым барысында театр әртістері балаларға жол қозғалысы ережелерін қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізді. Атап айтқанда, жолдың жүру бөлігіне кенеттен жүгіріп шығудың қауіптілігі, велосипед пен самокат тебу кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік талаптары және жолдағы абайсыздықтың ықтимал салдары сахналық көріністер арқылы түсіндірілді.

Театрландырылған қойылым балалардың жол қауіпсіздігі туралы түсінігін кеңейтіп қана қоймай, олардың бойында ерте жастан сақтық пен жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Мұндай танымдық шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және балалардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру