Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда қоғамдық орындарды ластағандар бейнебақылау камералары арқылы табылды

Атырауда қоғамдық орындарды ластағандар бейнебақылау камералары арқылы анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен қоғамдық орындардың тазалығын бұзып, абаттандыру талаптарын сақтамаған азаматтарды анықтады.

Мәселен, 17 қараша күні сағат 11:40 шамасында Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі автокөлік дөңгелектерін жөндеу орнының иесі пайдаланылған шиналарды ғимараттың кіреберісіне үйіп қойған. Осылайша, ол абаттандыру қағидаларын бұзған.

Сондай-ақ сол күні сағат 10:35 шамасында "Вокзал маңы" аялдамасында темекі шегіп, тұқылын жерге тастаған ер адам анықталды. Ол да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері облыста абаттандыру қағидаларын бұзудың 5 500-ден астам дерегі тіркелген.

Полиция тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға және абаттандыру талаптарын бұзбауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру