Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шетелдік азаматтар жол-көлік апатына ұшырады

Ақтөбе облысында шетелдіктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында сағат 14:00-15:00-дер шамасында «Рено-Логан» жеңіл автокөлігінің жүргізушісі Тәжікстан Республикасының азаматы Арал қаласынан Хромтау қаласына қарай, Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңында келе жатып, Түркия азаматының басқаруындағы «DAF» жүк автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде «Рено-Логан» автокөлігінің жүргізушісі және 4 жолаушы Ырғыз ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, оның екеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін босатылды. Осы жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқиғаға байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық жүргізушілерді аса сақ болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты жылдамдық режимін төмендетуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру