Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қайырымдылық – жүректің нұры, көңілдің қуанышы

Жалпы қазақ табиғатынан үлкенді қадір тұтып, құрметтеген халық. Сондықтан да қазақ қоғамында қарияларға деген қамқорлық қашан да ерекше болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елбасының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру және 2020 жылға ішкі істер органдарының имиджін жоғарлату бойынша ОВ-156/15 мекемесінен волонтерлық топ құрылып, мекеменің ардагерлеріне қайырымдылық көмек ұйымдастырды.

Полковничий аралында тұратын зейнеткер Мария Егоровна Молдакованы 90-жасқа келу мерей тойымен құттықтап, ардагерлер кеңесі атынан материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар қарияның ауласын кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері қардан тазартып, көмір қораға және тас жолға жол ашты. Мария Егоровна ыстық ықыласқа бөленіп, мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне зор алғысын білдірді. Осы қуанышты сәт естелік фотосуретке түсірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру