Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қомақты қаражат ұрлаған күдіктілер құрықталды

Ақмола полицейлері бизнесменнен ірі ақша ұрлаған тонаушыларды қолға түсірді,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Қылмыс Атбасар қаласында 28 қаңтарда орын алды. 46 жастағы жеке кәсіпкер жәбірленушінің айтуы бойынша, екі белгісіз тұлға оның денесін жарақаттап , 27 500 АҚШ доллары көлеміндегі ақша қаражатын, сондай-ақ құжаттар мен банк карталарын ашық түрде ұрлап кеткен.

Анықталғандай, кәсіпкер Ақмола облысына Алматы қаласынан келген, ал қылмыс таңертең ерте,жәбірленуші қонақ үйіне бет алғанда жасалған.

Қылмысты ашу және қылмыскерлерді ұстау үшін жедел топ құрылып, кешенді іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 26 және 28 жас аралығындағы Атбасар қаласының тұрғындары анықталып, ұсталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы («Тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру