Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеке үйде өрт шығып, полицей 2 адамды ауруханаға жеткізді

ІІМ Ш.ҚАБЫЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫ
БАСТЫҒЫНЫҢ АТЫНА АЛҒЫС ХАТ
Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай
академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы
Биекеновтің атына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай
облысының департаменті Таран ауданының Полиция бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі О.Батырхановтың алғыс хаты келіп түсті. Онда
Академия ұжымының атына тыңдаушыларға лайықты тәрбие бергені үшін,
оларды мәдени – отаншылдыққа қалыптастырғаны үшін шын ниетпен алғыс
айтылған.
Ағымдағы жылдың 29 қаңтары күні сағат 23.30-да Қостанай облысы
Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылының жеке үйлерінің бірінде болған
өртте 54 жастағы әйелді және оның 52 жастағы інісін құтқарып,
екеуін де аудандық ауруханаға жеткізген Академияның түлегі полиция
лейтенанты Жанат Мырзағазыұлы Мендыгалиевтің әрекеті полиция жас
қызметкерлері үшін лайықты үлгі болып табылады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру