Есірткіні насихаттағаны үшін ұсталды
Осы жылдың 29 қаңтарында, сағат 13.40 шамасында, қала тұрғыны 102- нөміріне қоңырау шалып, ғимараттың қабырғасына сурет салған белгісіз тұлға туралы хабар берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық және патрульдік полицияның бірлескен күш-жігерінің арқасында қылмыскер қашып құтыла алмады.25 жастағы ұсталған азамат бұл әрекетті мойындады, дәлірек айтсақ, есірткі саудасымен айналысатын веб-сайттардың электронды мекен-жайын бояумен бояған.
Бұл әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-бабы 1-тармағы бойынша (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) сәйкес келеді.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы жылдан бастап Қылмыстық кодекске жаңа қылмыстық құқық бұзушылық енгізілді – ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1 бабы (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау). 1-бөлімде 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, 2-бөлім – интернет-ресурстарды пайдалану арқылы 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында есірткіні заңсыз насихаттау және жарнамалау фактісі бойынша 10 қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.