Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы: көктем мезгіліндегі төтенше жағдайға дайындық тексерілді

Жамбыл облысында Төтенше жағдай комиссиясының және штаб отырыстары өткізілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының географиялық және климатикалық сипаттамасы күрт
континенталді климатына байланысты оның аудандарында қыс бойы төмен
температура болады. Ал, ауа-температурасы жоғарылаған кезде қардың тез еруі басталады.
Көктемгі мезгілде адамдарға ең бір қауіпті жағдай бұл «Су тасқыны» мен
«Су басу».12-ақпанда Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековтің төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия және облыстық штаб отырыстары өткізілді. 2020 жылғы су басу мерзіміне дайындығы, «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу мен оларды жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасының орындалу барысы және «Көктем-2020» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуын өткізу туралы сұрақтар қаралды.
Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша «Көктем-2020» республикалық командалық
штабтық оқу-жаттығуына азаматтық қорғау қызметтерінің күш-құралдарының
дайындығы жөнінде, Төтенше жағдай департамент базасында барлық қатысты қызметтердің қатысуымен жаттығу штабының жұмысы құрылғандығына және «Көктем-2020» оқу-жаттығу шеңберіндегі тактикалық арнайы жаттығуын өткізу бойынша Төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары М. Қосыбаев баяндады.
Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша гидротехникалық құрылғылардың су басу
мерзіміне дайындығы, су шаруашылық нысандарында жоспарланған жұмыстар жөнінде болды. «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу мен оларды жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасы
тармақтарының орындалуы әкімдіктің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Г. Ширшинбаев
баяндады.
«Қазсушар» РМК-нің теңгеріміндегі ірі су қоймаларының жағдайы, судың
толуы мен түсуі және суды қабылдауға бос көлемдердің болуы туралы «Қазсушар» РМК-нің басшысы баяндады.
Аудан әкімдінінің баяндамаларын тыңдаған соң, оларға су басу мерзіміне
дайындық және бар кемшіліктер туралы ахуалды сұрақтар талқыланып, сонымен қатар нақты тапсырмалар қойылды.
Отырыс соңында Төтенше жағдай комиссия төрағасы қатысты ұйымдар мен мекеме басшылырына алдағы су тасқыны қауіпті мерзімдеріне іс-шараларды ұйымдастыру мәселелеріне жауапкершілікпен қарау жөнінде нұсқау беріп, сонымен қатар жол картаның тармақтарын орындау, азаматтық қорғау органдарының міндеті төтенше жағдайларды болдырмауға, ал орын алған жағдайда адам өлімінің және жарақат алуын болдырмауға олардың салдарын материалдық шығындарды ықшамдауға шаралар қабылдауына тоқтатылды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру