Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алкогольдік ішімдік ішіп қоғамдық тәртіп бұзған жолаушылар

Көлік полицейлері Нұр-Сұлтан станциясындағы«Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызында бұзақылық жасаған бір топ адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

 

Ағымдағы жылдың 18 ақпанда Нұр-Сұлтан станциясындағы Желілік полиция басқармасына «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар поезы вагондарының бірінде 26 жастағы жолсерігі шағымданып келді. Оның айтуынша, аталған поездың ішінде 9 адамнан тұратын жолаушылар тобы алкогольдік ішімдік ішіп, дауыстап сөйлесіп, қоғамдық тәртіппен жолаушылардың тыныштығын бұзған.

Құқық бұзушылар жолсеріктің ескертулеріне дөрекі жауап беріп, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын балағат сөздер айтқан. Сөйтіп, қорланған жолсерік-әйел қызметтік купеге кіріп, поезд бастығы мен полицейлерді шақыруға мәжбүр болған.

Тіпті, олар шақырумен келген осы жолаушылар поезында өздерінің лауазымдық міндеттерін орындап жүрген көлік полицейлерінің де жағасына жармасып, билік өкілдеріне күш көрсеткен.

Пойыз елордаға келгеннен кейін, құқық бұзушылар поездан түсіріліп, Нұр-Сұлтан станциясындағы Желілік полицияның кезекші бөліміне жеткізілді. Сол жерде аталған тұлғаларға тиісті хаттамалар толтырылды.

Сот-медициналық сараптамасына сәйкес, ұсталған азаматтардың алкогольдік ішімдік ішкендіктері анықталды.

Осы факті ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі, яғни билік өкiлiне қарсылық көрсетумен байланысты бұзақылық фактісімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру