Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жасөспірім істі болғандар арасында психологиялық тренинг өтті

Алматы облысында қылмыс жасаған кәмелеттік жасқа толмағандардың ой өрісін өзгерту жұмысы жалғасты,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің психология ғылымдарының докторы профессор А.Т.Ақажанова, психолог аға оқытушылары А.О.Дүйсенбаева мен Д.И.Ордагулова кәмелеттік жасқа толмағандарды ұстауға арналған ЛА-155/6 мекемесіндегі сотталғандар арасында психологиялық тренинг өткізді.

Тренинг «Қане танысайық», «Суреттерді аяқтайық», «Менің көршім», «Мен қандай адаммын?», «Рефлексия және тренингтің аяқталуы, нәтижелерді талдау» сияқты бірнеше жаттығулардан құралды.

Тренингтің әрбір жаттығуы балалардың қызығушылығын оятып, оларды «жаттығулардан жақсы нәтиже шығарсам» деген ұмтылысқа жетелеп отырды. Осындай жаттығулар мен арттерапияны қолдану арқылы өткізілген тренингтің мақсаты – сотталғандардың мекеменің қоғамдық өміріне қатысу белсенділігі мен өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру, мінез-құлықтың әлеуметтік жағымды дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандардың жаза өтеу кезінде теріс немесе жағымсыз мінез-құлыққа жол бермеулеріне, олардың қоғамға, айналаға көзқарасын жақсартуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру