Жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші ұсталды.
Алматы облысының полициясы: жаяу жүргінші қайтыс болған жол-көлік оқиғасы орнынан бой тасалаған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іле аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне түнгі 00-30 мунут шамасында Боралдай ауылынан хабарлама түсіп, жаяу жүргіншіні қағып кеткені және жедел жәрдем жеткенге дейін оның оқиға орнында қайтыс болғаны туралы жеткізген. Қайтыс болған 52 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Белгісіз автокөлік оқиға орынан із суытқан, ал жол-көлік апатының куәгерлері жоқ.
«Оқиға орнын мұқият қарау барысында тәртіп сақшылары көліктің жарық шамының сынықтары мен бояу белгілерін тапқан. Сол бөлшектердің арқасында жол апатын жасаған көліктің түр-түсін анықтауға мүмкін болды. Ол жасыл түсті «Toyota Rav 4» көлігі болып шықты. Жан-жақты жедел іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, оң нәтиже берді. Бір жарым тәулік ішінде көлік апатына қатысы бар темір тұлпар табылып, 35 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Көлік арнайы тұраққа тоғытылды»,- деп хабарлайды Алматы облысы ПД ЖПҚБ іздеу тобының аса маңызды істер бойынша аға инспекторы полиция подполковнигі Ерлан Кәрібаев.