Оқиға болған жерге қарап-тексеру жүргізу тактикасы
Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары студенттермен кездесті,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының Полиция департаменті мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасындағы өзара қызметтік
және ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, Қызылорда облысының
Полиция департаментінде департамент бастығының орынбасары Байжан Байгелді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында «Оқиға болған жерге қарап-тексеру жүргізу
тактикасы» тақырыбында дәріс оқылып, олардың назарына пәтер ұрлығы
бойынша оқиға орнына қарап-тексеру жүргізу туралы бейнеролик ұсынылды.
Сонымен қатар, студенттер үшін Қызылорда облысы Полиция департаментінің мұражайына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Оларды Департамент тарихы, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктері, қызметтік міндеттерін өтеу барысында қайтыс болған қызметкерлердің, ішкі істер органдары ардагерлерінің өмірінен сыр шертетін экспонаттармен, фотостендтермен, құнды кітаптармен таныстырып өтті. Кездесу барысында студенттердің сұрақтарына Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Байжан Байгелді толыққанды жауаптар берді.