Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Колониядағы бассыздық

Азық-түлікті алып өту үшін  Павлодар колониясының қызметкерін «сатып алмақшы » болды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері Павлодар облысы бойынша ҚАЖ мекемесінің қызметкерлері колонияның офицеріне жұмыстан тыс уақытта сәлемдемені өткізу үшін пара беру әрекетінің жолын кесті. Мәселен, ұрлық жасағаны үшін АП-162/4 қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеп жатқан бір сотталушының танысы қызметкерге азық-түлік толы пакетті алып өту үшін ақшалай сый ақы ұсынды.

Аталған факті бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Материалдар облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне берілді, лауазымды адамға пара ұсынған А. есімді азаматша Қылмыстық кодекстің 367-бабының 1-бөлігі (Пара беру) бойынша жауапкершілікке тартылады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кінәсін мойындады.

Айта кету керек, өткен жылы осындай үш факті павлодарлық мекемелерде орын алды.

Аталған фактілер Қылмыстық кодекстің  367-бабы бойынша үш адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру