Павлодарлық полицейлер 9200 ЖҚЕ бұзушыны анықтады
Ертіс өңірінің тұрғындарын жол қозғалысындағы тәртіпті жиі бұзады. Бұған құқық бұзушылықтар туралы статистика дәлел, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тізімнің көшін қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілер бастайды, бұл жайлы 1000-ға жуық факті тіркелген. Ал жылдамдық режимін бұзған 848 жүргізуші анықталды. Бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін облыстың 493 тұрғынына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 599-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер тең және барлық жол қозғалысы ережелеріне бірдей бағынады. Бірақ жаяу жүргіншілер ережелерді қатаң сақтамайды. Сонымен, белгіленбеген жерден өткені үшін 1313 тұрғын жауапқа тартылды.
Жыл басынан бері 161 жүргізуші мас күйде рөлге отырған, оның 31-і жеті жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауға шақырады. Тұрғындар жаяу жүргіншілер өткелдерінде және қоғамдық көлікке арналған аялдамаларға жақын жерлерде сақ болу керектігін хабарлайды.