Қоғам тыныштығын күзеткен ару
Әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz сайты өз оқырманын құқық қорғау органдары саласында жұмыс істейтін табысты әйелдермен таныстыруын жалғыстырады.
«Полиция» деген қызмет тек ер адамдарға арналғандай. Дегенмен, ішкі істер саласындағы темірдей тәртіпке бас иген арулар көп. Ерлермен қатар иық тіресіп еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қоғамдық тыныштықты сақтауда қолтаңбасын қалдырып келеді.
Сарыағаш ауданының тұрғыны Жадыра Омаровабала күнінде полицей болуды армандапты. Орта мектепті бітірген соң, Алматыдағы М.Есболатов атындағы академияны бітіріп, жедел уәкіл мамандығын меңгерген. Содан Сарыағашқа келіп, учаскелік полиция қызметкерінің көмекшісі болып еңбек жолын бастаған. Темірдей тәртіпке бойжеткен еш мойымады. «Полицей боламын» деген мақсатының жолында бар қиындықты жеңіп шықты. Қазір Жадыра Сарыағаш аудандық учаскелік полиция қызметкері. Әрі аға лейтенант.
Туған жеріндегі қоғамдық тыныштықты күзетіп келеді. Қалада орын алған қылмыстарды ашуға барын салған бойжеткеннің еңбегі де еш кетпеген.
–Өткен жылы қалада пәтер ұрлығы орын алды. Яғни, жәбірленуші үйде жоқ кезде алтын бұйымдары мен теледидары және өзге де бағалызаттары қолды болған. Содан іске кірісіп, қол іздерін анықтады. Көршілерден түсініктеме алып, күдіктілердің соңынан түстік. Нәтижесінде қылмыс көп ұзамай ашылды – дейді аға лейтенант.
Жадыраға отбасылы. Үйде ата-енесі мен жолдасының жағдайын жасап, ыстық шәйі мен тамағын дайындап отырған ибалы келін. Отбасы мүшелері де келіндерінің қызметіне түсіністікпен қарайды. Таңертең жұмысқа ерте кетіп, кеш оралатын кездерінде қолғабыс етеді. Тіпті, түнгі жедел шақыртуларда такси ұстап, отырығызып жібереді.
–Қызмет бабында жеткен жетістіктерімнің баршасы жолдасым мен ата-енемнің қолдауының арқасы деп білемін. Ешқашан қарсы болған емес. Шұғыл шақыртуларға да ренжімей,түсіністікпен жібереді– дейді Жадыра Омарова.