Бөгетті бұзып өтпек болғандар ұсталды
Атырауда бекетті заңсыз бұзып өтпек болған алты азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 сәуір түнгі 00.30 шамасында Өзбекстан елінің 1986 жылы туған азаматы Алмалы-Талдыкөл селолары арасындағы қара жолдан Индер бағытына жаяу өтпекші болған. Ұсталған азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сот қаулысымен бес тәулік қамаққа алынды. Ертеңгілік сағат 08.20-да Алмалы бөгет бекетінен тыс айналма қара жолдан тоқтатылған Toyota Camry көлігінің 1987 ж.т. жүргізушісіне қатысты (төтенше жағдай режимін бұзу) бабымен хаттама жасақталып, мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 3-тәулікке қамаққа алынды.
Бұдан басқа осы жолдан және Қара-өзек бөгет бекеті маңайындағы қара жол бойынан тоқтатылған төрт көлік жүргізушілеріне де 476-бабымен толтырылған хаттамалар сотқа жолданды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Атырау қаласының айналасына төрт бөгет бекеттері орнатылды. 2-сәуір түнгі 00.00-ден бастап қалаға автокөліктер мен адамдардың кіруі және шығуына шектеу енгізілді.