Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді

Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қатысушылардың қоғамдық одағы қайырымдылық акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласындағы “Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қатысушылардың қоғамдық ардагерлер Одағы” белсенділері “Біз біргеміз” ұраны аясында “Біз — бір халықпыз, біз — біртұтас мемлекетпіз!” деген акция өткізіп, мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін ақшалай қор жинауды бастады.

Атап айтқанда, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға — ұн, күріш, қарақұмық, қант, күнбағыс майы мен нан-өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидек жеткізді.

“Қазір елде күрделі жағдай қалыптасты, осыған байланысты біз өз мүмкіндігімізше игі іске өз үлесімізді қосайық деп шештік. Алдымен, ең қажет деген азық-түліктерді сатып алдық та, бірлестік атынан мұқтаж адамдардың үйіне жеткізіп берейік деп шештік. Бұл көмек көп балалы және аз қамтылған отбасыларға бағытталған”, – деді акция бастамашыларының бірі Азат Аубакиров.

Азат Аубакиров ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/16 мекемесінің қызметкері болып табылады және бүгінгі күні еліміздің азаматтары алдында өз борышын атқара отырып, өз мемлекетіне қызметін жалғастырып келеді.

“Осындай жағдайда бізге азық-түлік түрінде көмек көрсетілді, менің асырауымда кәмелетке толмаған 10 балам бар. Өзім үй шаруасындамын жұбайым көтерме базарда жүк тасымалдаушы болып күнделікті жалақыға жұмыс істейді, бірақ төтенше жағдайға байланысты жұмысы уақытша тоқтатылды. Осындай қиын жағдайда бізге көмек көрсеткендеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін!”- деді, көп балалы әйел Лариса Жаворонкова.

Кәмелетке толмаған үш баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты әке де өзінің алғыс сөздерін білдірді. 1990 жылы туылған Дулат Манкиевтің 2019 жылы қатерлі ісік ауруынан жұбайынан қайтыс болған.

Дулат өзі де ерте ата-анасынан айырылған -жетім, Ол жақын адамдардың назарынсыз қалай екендігін айтты. Оның жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ, өйткені ол балалармен өзі айналысады, үй тұрмысын жүргізеді. 

“Оқушы балаларды меетепке апарып , оларды сабақтан кейін алып қайтамын, кішкентай ұлымды күнделікті балабақшаға апарып әкелумен айналыстым, үй шаруасы және бар”, – деді жас әке.
Алдағы уақытта қайырымдылық акциялары біздің мемлекетте жалғасын табады деп үміттенеміз! “Біз біргеміз”!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру